Қазақстан киносының кассалық рекордтары
Қазақстан киносының кассалық түсімдері өсуде. Қазақстандық киноның кассалық түсімдері 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында да жоғары қарқынмен өсіп отыр. Қаңтар мен тамыз айлары аралығында еліміздегі кинотеатрларда 51 отандық толықметражды фильм көрсетіліп, жалпы бокс-офис көлемі 13 167 808 437 теңгені құрады. Жыл соңына дейін әлі төрт ай бар екенін және төмендеу үрдісі байқалмайтынын ескерсек, кино көрсетушілер 2025 жылдың қорытынды бокс-офисі 25 млрд теңгеден асатынын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-дан артық өсім болатынын болжап отыр. Жылдар бойынша көрсеткіштер:
Rentrak есеп беру жүйесінің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың ең кассалық фильмдерінің үздік ондығы:
Комедия жанры әлі де алдыңғы орында – үздік 10 фильмнің 7-і осы жанрға жатады. Сонымен бірге криминалдық драма жанрындағы фильм алғаш рет үздік үштікке енді.
Үздік ондыққа Tiger Films компаниясының екі фильмі енді. Айта кетерлігі, олардың бірі – “Байдың баласы” – балалар мен жасөспірімдерге арналған және дәстүрлі түрде маусымаралық саналатын жаз мезгілінде көрсетілді. Алайда, көрсеткіштер мұндай пікірдің шындыққа жанаспайтынын көрсетті. Сондай-ақ, Our Media Group студиясының (бас продюсер – Алмат Шадмат) “Қолыңнан келсе алып қаш” комедиясы да жазда жарыққа шыққан. Rentrak деректері бойынша, 27.08.2025 жағдайында бұл фильмнің түсімі 518 236 070 теңгені құрады.
Tiger Films компаниясы құрылғаннан бері төрт жыл ішінде оның фильмдерінің жалпы түсімі 10 млрд теңгеден асып, барлығы 41 фильм шығарылған, оның ішінде 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында – 7 фильм.
Жылдар бойынша Tiger Films көрсеткіштері:
Tiger Films бас продюсері Ерлан Бухарбаевтың айтуынша, мұндай өзгерістер компанияның даму стратегиясын қайта қарауына байланысты:
“Жылына 25-30 фильм шығару жоспарын қайта қарадық, себебі тәжірибе көрсеткендей, көп фильм түсіру компания үшін тиімді шешім емес. Біз үшін бастысы – сапа мен жанрлық әртүрлілік. Енді жылына 12-15 фильм шығаруға назар аударамыз. Бұл тәсіл нәтижесін беріп те үлгерді: 2025 жылдың алғашқы 8 айында небәрі 7 фильм шығара отырып (14%), біз жалпы түсімнің 20%-ын иелендік”.
Сондай-ақ ол Tiger Films нарықта үстемдік етеді деген пікірмен келіспейтінін жеткізді:
“Кейбір отандық кинематографистердің компанияның нарықтағы басымдығына қатысты алаңдаушылығы негізсіз. Tiger Films-тің жалпы түсімдегі үлесі – 18%, фильмдер саны бойынша – 16%. Егер біз жылына 12-15 фильм шығару жоспарына сай жұмыс істесек, нарықтағы үлесіміз 15-20% шегінде болады. Бұл – ірі ойыншыларға тән көрсеткіш, бірақ нарықты толық бақылаушыларға емес” – деп қорытындылады Ерлан Бухарбаев.

"Қазақтар тұрмайтын Германияда тіліміз қазақша шықты": Шетелде туып-өскен қазақ жігіті желі қолданушыларын несімен сүйсіндірді
