Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан қазір ел өміріндегі тағдыршешті реформалар кезеңіне қадам басты – Тоқаев

Фото: Ақорда

Президент Қасым Жомарт Тоқаев бүкіл әлем күрделі кезеңді бастан өткеріп жатқанына қаврамастан еліміз жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қазір бүкіл әлем күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Соған қарамастан еліміз жақсы қарқынмен дамып келеді. Өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік-логистика салалары дамудың қозғаушы күшіне айналды. Жыл қорытындысы бойынша экономикамыз 6 пайызға өседі деп болжанып отыр. Ал жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 15 мың доллардан асады. Жүйелі түрде жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыс өз нәтижесін беруде", - деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан қазір ел өміріндегі тағдыршешті реформалар кезеңіне қадам басқанын атап айтты.

"Бүкіл мемлекеттік аппарат, бірінші басшыдан қарапайым қызметкерге дейін мұны терең түсінуі керек. Бұрын-соңды болмаған маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін жоғары қарқын мен бастамашылық таныту қажет. Батыл, шеңберге сыймайтын, бірақ ақылға қонымды шешімдер қабылдаған жөн. Мемлекеттік қызметте той тойлап жүруге, жалқаулыққа, жұмысқа жауапсыз қарауға орын жоқ. Халыққа әдемі есеп емес, нақты іс керек. Сондықтан барлық басшы мен лауазымды тұлғадан елге пайдасы бар жұмыс талап етемін", - деді Тоқаев.

Сонымен қатар Президент  Жолдауында бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергенін, бұл соңғы жылдары қолға алынған ауқымды өзгерістердің заңды жалғасы екенін айтты. 

"Түпкілікті шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады. Азаматтарымыз мақұлдаса, Ата Заңға көптеген өзгеріс енгізіледі. Түзетулердің ауқымын ескерсек, мұны жаңа Конституция қабылдаумен бірдей қадам деуге болады.Біз озық ойлы ұлт ретінде болашаққа сеніммен қараймыз. 

Алдымызда биік мақсаттар тұр. Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруымыз қажет. Толық цифрлық мемлекет болуымыз керек. Энергетика, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту қажет. Мұның барлығы – бір күндік шаруа емес. Біз ортақ мүдде жолында күш біріктірсек, осы мақсаттың бәріне жетеміз. 

Астана әрдайым ауқымды жұмыстардың бастауында тұруға тиіс. Елордамыз басқа аймақтарға барлық жағынан үлгі болуы керек. Айтылған міндеттердің барлығы уақтылы әрі сапалы орындалуға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Рая Мінәп
Сәрсенбі, 24 Желтоқсан, 2025 17:46