Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қашағанды игеріп жатқан шетелдік компаниялардан сотта жеңіліп қалды

Қашаған кен орныФото: kmg.kz

Қашаған кен орнын игеріп жатқан мұнай компаниялары Астананың апелляциялық сотында экологиялық айыппұл бойынша құны 4,2 миллиард долларлық дауды жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Қазақстан тарабы NCOC-қа шамамен 2,3 триллион теңге айыппұл салмақ болған еді, ол бұл сома 2022 жылдың соңында 5,1 миллиард доллар деп бағаланса, ал қазіргі бағам бойынша 4,2 миллиард долларға тең.

"Біз Апелляциялық соттың NCOC-тың күкіртті басқару жөніндегі операциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ қолданыстағы стандарттар мен озық тәжірибелерге сәйкес жауапкершілікпен жүргізіліп жатқанын растайтын шешімін құптаймыз", – делінген NCOC операторы және оның серіктестері мәлімдемесінде.

Басылымның жазуынша, құны 55 миллиард доллар болатын Каспий теңізіндегі Қашаған кен орнын игеру іркілістермен және шығындардың асып кетуімен қатар жүрді. Қазақстан билігі ұлттық кен орындарынан түсетін кірісті ұлғайтуға ұмтылып, бірлескен кәсіпорын серіктестерінің үстінен халықаралық арбитражға сомасы 160 миллиард доллардан асатын талап-арыз берген. Бұл соманың көп бөлігі алынбай қалған пайданы білдіреді, сонымен бірге болжамды экологиялық бұзушылықтар мен Қазақстан тарабы сыбайлас жемқорлық деп мәлімдеген мәмілелерге байланысты шығындарды қамтиды.

Аида Тақабаева
Дүйсенбі, 04 Тамыз, 2025 11:08
Талқылау
`