Қазақстан қалаларында Наурыз көже жасалатын азық-түліктің шығыны қанша

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы наурыз көшенің құрамына кіретін азық-түліктің орташа бағасын есептеп шығарды. Тауарлардың тізімінде сиыр еті, жармалар, айран, сүт, сары май және тұз бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еnergyprom.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Барлық өнімдер стандартты өлшеммен алынған: әрқайсысы 1 келіден, ал сүт пен айран – 1 литрден есептелді. Нәтижесінде, елдің ірі қалалары бойынша қыстың соңғы айында наурыз көжеге қажетті азық-түліктің орташа жалпы құны 11,9 мың теңге болды. Мұндағы ең қымбаты – сүйекті сиыр еті мен сары май. Екі өнімнің құны жалпы шығынның 76%-ына тең.
Наурыз көже дайындалатын өнімдердің бағасы бойынша ірі қалалардың рейтингін жасадық. Тізімде мегаполистер мен барлық облыс орталықтары қамтылды. Рейтингте ең қымбат қала ретінде 14,6 мың теңгемен Ақтау көш бастады. Бұл Қазақстандағы орташа көрсеткіштен төрттен бірге артық. Мерекелік тағамға арналған өнімдер Атырау тұрғындары үшін де қымбатқа түседі – 13,3 мың теңге. Бұл ірі қалалардағы орташа деңгейден 12,1% жоғары. Сонымен қатар наурыз көже өнімдері Тараз және Астана қалаларының тұрғындарының қалтасын қағада. Олардың әрқайсысы 12,4 мың теңге жұмсайды.
- Алматы – 12,3 мың теңге;
- Көкшетауда –10,2 мың теңге;
- Петропавлда – 10,7 мың теңге;
- Талдықорғанда – 11 мың теңге;
- Түркістанда – 11,1 мың теңге.
Сондай-ақ наурыз-көженің бағасын өткен жылғы көрсеткішпен салыстырдық, деректер көзі мен өнімдер жиынтығы дәл солар болды. Жыл ішінде бұл мерекелік тағамға арналған азық-түліктердің бағасы ел бойынша орта есеппен 20,6% өскен. Қалаларда бағаның өсуі айқын байқалды: Қызылордада +28,4%, Ақтөбеде +26,7%. Ал ең аз өсім Талдықорғанда (+6,4%) және Петропавлда (+8,4%) тіркелді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған