Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан қалаларында террористік қауіптің "сары" деңгейі жойылды

Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетауда терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі аяқталып, террористік қауіптің орташа "сары" деңгейі жойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Gov.kz

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың мәліметінше, шешім ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен Қытай президентінің мемлекеттік сапарының аяқталуына байланысты қабылданған. 

"Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларын жүргізу кезінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы ретінде "терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" заңның 13 және 15-баптарының негізінде Астана қаласында 4 шілдеде 23:59-дан бастап терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін жою туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада.



Террористік қауіптің қалыпты "сары" деңгейі Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында жойылғаны көрсетілген. 

Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне көшеді.

Талқылау