Қазақстан футбол лигасы жабылады
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Qazaqstan Football League лицензиясын қайтарып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: QFL.kz
Енді футболдан барлық жарыстар ҚФФ аясында өтеді. Сонымен қатар федерация ішінен футболдық жарыстарды ұйымдастыруға жауапты департамент қайта құрылады. Бұл департамент премьер-лига, бірінші, екінші, әйелдер лигасы және басқа да жарыстарды басқарумен айналысады.
Еске салсақ, 2024 жылдың ақпан айында Қазақстанның Кәсіби футбол лигасы (ПФЛК) "ребрендинг" өткізіп, оның орнына QFL құрылған еді.
2024 жылдың желтоқсан айында Қазақстан футбол федерациясының президенті болып Марат Омаров сайланған. Бұл қызметте осыған дейін Әділет Барменқұлов жұмыс атқарған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

