Қазақстан футбол федерациясына жаңа басшы тағайындалды
Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының жаңа басшысы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚФФ
20 желтоқсанда ҚФФ-ның кезектен тыс XXVII сайланбалы конференциясы өтіп, онда Қазақстан футболының жаңа басшысы анықталды. Марат Омаров көпшілік дауыспен – 36 дауыстың 34-ін жинап, ҚФФ президенті болып сайланды.
ҚФФ президенттік сайлауына үш күн қалғанда, үміткерлер тізбегі азая бастады. 17 желтоқсанда 34 жастағы Наргис Мағау жарыстан бас тартқанын мәлімдеді, ал 18 желтоқсанда Ақтөбенің бұрынғы президенті Ерлан Жамантаев сайлауға қатысудан бас тартты. Сайлаудан бас тартқан соңғы үміткер Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория болды. Нәтижесінде ҚФФ басшысы лауазымына үш үміткер – менеджер Алтай Даумов, журналист Ербол Қайыров және бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров таласқа түсті.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды