Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшыларына қатысты тергеу басталды

Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kff.kz

Бұған дейін желіде Қазақстан футбол федерациясының экс-президенті Әділет Барменқұлов пен басқа да бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты тінту және тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат тараған еді. 

Қаржы мониторингі агенттігі желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. 



"БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға жауап ретінде ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастағанын растайды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әділет Барменқұлов 2021 жылдан 2024 жылдың қарашасына дейін Қазақстан футбол федерациясының басшысы қызметін атқарған еді. 

2024 жылдың желтоқсанында Қазақстан футбол федерациясының президенті болып Марат Омаров сайланды. 

Талқылау