Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев француз басылымында мақала жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев француз Le Figaro газетіне мақала жазып, онда Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап өтіп, Қазақстанның халықаралық дипломатиядағы рөлін келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы "Қазақстан – Франция үшін стратегиялық және сенімді серіктес" деп аталады. Ол Парижге тұңғыш рет мемлекеттік сапармен барғандықтан, осындай мақала жариялады.

Тоқаев климаттың өзгеруі және көші-қон сияқты заманауи жаһандық сын-қатерлердің қаупін атап өтті. Президент әлемдік аренада  "орта державалардың" рөлін күшейтуге назар аударды. Оның айтуынша, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясатты ұстанады және бітімгершілік үдерістерін қолдайды.

Мақалада Тоқаев Қазақстан мен Францияның сирек жер металдарын өндіру, "жасыл" энергетика және атом өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі екенін атап өтті. Ол Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша референдум Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндіктер ашатынын баса айтты. Тараптар бұл салаларды дамыту туралы былтыр Франция президенті Эммануэль Макрон келгенде айтқан еді.

Сонымен қатар Тоқаев Қазақстанның Азия мен Еуропаны байланыстыратын "Орта дәліз" жобасын дамыту арқылы Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті. Соңында ол жаһандық тұрақтылық пен өркендеуге қол жеткізу үшін Франциямен жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапармен барғаны айтылды.

Талқылау