Қазақстан ФИФА рейтингінде көтерілді

Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде екі сатыға жоғарылап, 1182,96 ұпаймен 112-орынға көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жетістік Астанада өткен FIFA Series турниріндегі сәтті ойындардың нәтижесі болмақ.
Ұлттық құрама турнир барысында екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Алғашқы матчта Намибия футбол құрамасын 2:0 есебімен жеңсе, кейін Комор аралдарын 1:0 есебімен ұтты.
Осы жеңістер Қазақстанға рейтинг қоржынына 5,15 ұпай қосуға мүмкіндік берді.
Нәтижесінде құрама Кения ұлттық футбол құрамасы мен Танзания ұлттық футбол құрамасы командаларын артта қалдырды.
Қазақстан құрамасы FIFA series 2026 кубогының чемпионы атанды
Айта кету керек, бұл турнир Қазақстан үшін тарихи мәнге ие. Себебі еліміз алғаш рет FIFA бастамасымен ұйымдастырылған халықаралық жарысты өз алаңында қабылдап отыр.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті