Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында жұмыссыздар саны бойынша көшбасшы атанды

Жұмыссыздық-freepik.comФото: freepik.com

Еуразиялық экономикалық комиссия статистикасы бойынша, Қазақстанда бір жылда жұмыссыздар саны 13,3 мың адамға көбейген. Егер 2024 жылдың сәуірінде жұмыспен қамту қызметтерінде 315,6 мың жұмыссыз қазақстандық тіркелсе, биыл олардың саны 328,9 мыңға жеткен немесе жұмыс күшінің 3,4% пайызына тең. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында жұмыссыздар саны өскен жалғыз ел атанып отыр:

- Арменияда 7,7 мыңға азайып, 36,9 мың болған;

- Беларусьте 700 адамға азайып, 3,6 мың болған;

- Қырғызстанда 13,2 мыңға азайып, 47,3 мың болған;

- Ресейде 100 мыңға азайып, 277 мың болған.

Осылайша Қазақстан тіркелген жұмыссыздар саны бойынша Ресейді де басып озған.

Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз болған. Бұл – 15 пен 74 жас аралығындағы жұмысы (табыс әкелетін жұмыс) жоқ, белсенді жұмыс іздеп жүрген және жақын арада жұмысқа кірісуге дайын адамдар. Арменияда бұл көрсеткіш 12,9%, ал Ресейде 2,3% болған.

Аида Тақабаева
Жұма, 13 Маусым, 2025 10:28
Талқылау