Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға ең қуатты суперкомпьютер әкелінді

Фото: webwerks.in 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютердің елге келгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Суперкомпьютердің өнімділігі шамамен 2 экзафлопс деңгейінде.

"Бұл аймақ тарихындағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер, ол жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерге арнайы жасалған NVIDIA H200 жаңа графикалық чиптерінің негізінде салынған", – делінген хабарламада.

Суперкомпьютерді іске қосу және орнату Tier III сенімділік деңгейіндегі жаңа дата-орталықта жүзеге асырылады. Бұл жүйенің үздіксіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

Суперкомпьютердің қуаттылығы түрлі салаларда қолданылады:

  • денсаулық сақтау;
  • энергетика;
  • білім беру;
  • мемлекеттік қызметтер.

Ең маңыздысы, суперкомпьютер ресурстары баршаға қолжетімді болады.

"Нейрожелілерді оқыту үшін есептеу қуатын қажет ететін стартаптар, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін университеттер, сондай-ақ бизнес-процестерге жасанды интеллектті енгізіп жатқан ғылыми орталықтар мен компаниялар осы ресурстарды пайдалана алады", – делінген министрлік хабарламасында.


Елімізде ChatGPT-ді пайдалануға тыйым салына ма –Министрлік жауап берді


Қазақстанда бір аптадан кейін смартфондар бұғатталады – Қалай жағдайдың алдын алу керек


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT-ді пайдалануына тыйым салынатынын жаздық. Вице-министрдің айтуынша, цифрлық даму министрі мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT-ді қызметтік мақсатта пайдалануға тыйым салатын бұйрыққа қол қойған. Бұл – деректердің сыртқа шығу қаупінің алдын алу үшін қабылданған шешім. ChatGPT-ге балама ретінде мемлекеттік қызметкерлерге Назарбаев университетінің базасында әзірленген қазақстандық жасанды интеллект ұсынылды.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 19 Мамыр, 2025 10:10
Талқылау