Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақстан дауысы” жобасының жеңімпазы 7 млн теңгесін ата-анасына сыйламақ

Рудный қаласында туған әнші ата-анасымен бірге Астанаға көшіп келген. Дінмұхаммедтің өзі «Қазақстан дауысы» шоуының жеңімпаз атанғанына әлі де сене алар емес.

20170127173910

Бұл туралы alau.kz.  хабарлайды.

Дінмұхаммед Дәулет 6 жасынан бастап ән айтады.

«Колледжде оқып жүргенде менің немен әуестенетінімді сұрады. Мен ән айтатынымды айттым. Оқу ордамда ән айта бастадым. Ата-анам ән айтқанымды қабылдамады. Сондықтан мен ата-анама көмектесу үшін эксковаторшы болып жұмыс істедім», – дейді жас әнші.

Республикалық «Шеберлер елі» байқауында 20 жастағы әнші Айқын Төлепбергенмен бірге ән айтты. Осыдан соң оның ән айтуға деген ықыласы күшейе түседі. «Х-Фактор» жобасында да бақ сынап көреді.

Жоба жеңімпазы сопрано дауысының иесі. Ол 7 млн теңгені ата-анасына беретінін айтты.

«Ата-анама көмектесем деп ойлаймын. Одан кейін мансабымды дамыта түсем. Ән жазам, бейнебаян түсірем, оқимын», – дейді Дінмұхаммед.

Жіберіп алмаңыз:

Алтынай Жорабаева Қыдырәлі Болмановты жақтап сөйледі (видео)

Салтанат Қалиева: Танымал жұлдыздардың өзі де жылайды

Қыдырәлі Болманов карикатура жайында: Сіздің ата-анаңызды солай салып қойса қайтер едіңіз?

Баян Есентаева сүйіктісімен бірге Гонконгқа аттанып кетті (фото, видео)

Талқылау