“Қазақстан дауысы” жобасының жеңімпазы 5 миллион теңгесін қайырымдылыққа жұмсамақ
“Қазақстан дауысы” жобасының жеңімпазы атанған Мұратбек Хайролда өзіне берілген 5 миллион теңгені қайырымдылыққа жұмсап, балалар үйіне таратып беретінін айтты.
Бұл туралы Қамшы порталы хабарлайды.
“Амандық болса 5 миллион теңгені қолыма тигеннен-ақ көмек қорларына беруді, операцияға кіретін балаларға, жетімдер үйіне көмектесуді ниет етіп отырмын. Себебі, әр азамат қазақтың қамқорлыққа мұқтаж балаларына көмек қолын созатын болса, сол көмектен балалар бақытқа кенелсе, мұндай істің сауабы кез келген жеңімпаздық атақтан әлде қайда артық. Алланың берген осындай бақытына кішкене болса да өзгелерге көмегім арқылы рахметімді, шүкірімді айтқым келеді”, – дейді Мұратбек.
Еске сала кетейік, Мұратбек Хайролда “Қазақстан дауысы” жобасында Нұрлан Албанның шәкірте ретінде өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған болатын.
Талқылау