Қазақстан бокстан Лос-Анджелестегі олимпиада ойындары алдындағы әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді
Қазақстан АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында World Boxing халықаралық бокс федерациясының Конгресінде 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге мүдделі екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жиын барысында Қазақстанның бокс федерациясы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі ретінде cаналатын 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді. Әлемдік ұйымның шешімі жақын арада белгілі болады. Осыған дейін Қазақстан бокс федерациясы ресми түрде World Boxing ұйымының толыққанды мүшесі атанған еді. Қазақстан бұл ұйымға 52-ел болып қосылды. Сондай-ақ Өзбекстан да WB қатарына кірді. 2023 жылдың сәуірінде құрылған World Boxing құрамында қазір 55 мемлекет бар.
Айта кетейік, World Boxing Олимпиада комиссиясының төрағасы – Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин. Оның комиссия басшысы ретіндегі басты міндеттерінің бірі – боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдыру.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

