Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан боксшылары Бразилияда өткен Әлем кубогында алты жүлде жеңіп алды

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing ұйымы ұйымдастырған бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы атынан сегіз ер және үш әйел спортшы, барлығы 11 боксшы қатысты. Нәтижесінде жартылай финалда 6 спортшымыз өнер көрсетті.

World Boxing ұйымдастырған алғашқы жарыста 3 отандасымыз финалға шықты. Ал 80 келі салмақта Диас Молжігітов, 90+ келіде Даниял Сапарбай және 57 келіде Ұлжан Сәрсенбек жарысты жартылай финалдан аяқтап, қола жүлдені қанағат тұтты.

Ақтық сынға шыққан спортшылардың бәрі жеңіске жетті. Осылайша Бразилияда Нұрсұлтан Алтынбек (51 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Жазира Орақбаева (51 келі) алтын жүлде жеңіп алды.

Талқылау