Қазақстан бокс федерациясы 2025 жылдың үздіктерін анықтады

Қазақстан бокс федерациясы 2025 жылдың қорытындысы бойынша үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ерлер арасындағы үздік боксшы атағына Айбек Оралбай ие болды.
Ал әйелдер арасында 2025 жылдың үздік былғары қолғап шебері ретінде Аида Әбікеева марапатталды.
Жастар санаты:
Ерлер – Тимур Тайбеков
Қыздар – Құралай Егінбайқызы
Жасөспірімдер:
Ұлдар – Досжан Жұмахан
Қыздар – Аяулым Оспанова
Кіші жасөспірімдер:
Ұлдар – Дамир Джаншиликов
Қыздар – Жансая Ержан
Үздік бапкерлер:
Ерлер боксы – Илияс Оралбеков
Әйелдер боксы – Долкунжан Камеков
Үздік төрешілер:
Жылдың үздік төрешісі – Узбек Казин
Үздік рефери – Азамат Жакиянов
Айта кетейік, Айбек Оралбай Ливерпульда өткен әлем чемпионатында топ жарып, әлем чемпионы атанды. Осылайша ол ел тарихында аса ауыр салмақта әлем чемпионы атанған тұңғыш боксшы атанды. Ал Аида Әбікеева наурыз айында Сербиядағы әлем чемпионатында және де Ливерпульде жеңіске жетті. Нәтижесінде бір жыл ішінде екі дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?

