Қазақстан азаматы сергіп шығу үшін Ыстықкөл өзеніне көлігімен түсіп кетті
Қазақстан азаматы ұзақ жолдан кейін бір сергіп алу үшін Ыстықкөл өзеніне көлігімен қойып кеткен.
Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Ыстықкөл облыстық полиция басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Сталбек Усубакуновтың айтуынша, оқиға 23 шілде күні Бөстері ауылы маңындағы “Асыл-Таш” және “Аалам” пансионаттары арасында болған.
“Audi көлігін мінген Алматы тұрғынына ережеге қайшы әрекет жасағаны үшін 1000 сом (15 доллар) айыппұл салынды”, – деп хабарлады ол.
Милицияның хабарлауынша, айыппұлды төлеген қазақстандық қазіргі таңда өзінің демалысын жалғастырып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Қытай билігі мұсылмандардың азанының сөзін өзгертіп тастаған (фото)
Германиядағы шеруге Қазақстаннан барған гей жұп өздері жайлы айтып берді (фото)
Британиялық әуе компаниясы 11 жасар қытайлық баланы ұшақтан түсіріп тастады
Үстіне қазақтың шапанын киген Николас Кейдж интернетте жаппай әзіл суретке арқау болды (фото)