Қазақстанда азаматтық алу үшін қазақ тілін білуге қойылатын талаптар жеңілдетілді

Қазақстан азаматтығына құжат тапсыру кезінде мемлекеттік тілді білуге қойылатын талаптар өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен Қазақстан азаматтығына қабылдау немесе қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде, елдің Конституциясының негіздерін, Қазақстан тарихын білу көлеміне өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес:
– мемлекеттік тіл – 15 балдан;
– Қазақстан Конституциясы негіздері – 20 балдан;
– Қазақстан тарихы – 15 балдан кем болмауға тиіс.
Бұйрық 2025 жылы 26 тамызда күшіне енеді.
Бұған дейін мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде білуден кемінде 36 балл, Конституция негіздерінен кем дегенде 9 балл, Қазақстан тарихы бойынша кем дегенде 15 балл жинау қажет еді.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған