Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білуге қойылатын талаптар белгіленді

2024 жылғы 8 қазанда ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен азаматтық алу немесе Қазақстан азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін және Қазақстан тарихын білуге қойылатын талаптар бекітілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: eGov.kz

Құжатқа сәйкес азаматтық алу немесе қалпына келтіру барысында мемлекеттік тілді білу деңгейі кем дегенде 36 балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша кемінде 9 балл, және Қазақстан тарихы бойынша кем дегенде 15 балл жинау қажет.

Бұйрық 12 қазаннан бастап күшіне енді.



Еске салайық, осы жылдың шілде айында "Азаматтық туралы" заңға өзгерістер енгізілді. Бұл түзетулерге сәйкес, азаматтық алу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін және Қазақстан тарихын білмеген жағдайда қабылданбайды. Білім көлемі ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен белгіленеді. Бұған дейін Қазақстан азаматтығын алу және қалпына келтіру үшін мемлекеттік тілді білу туралы сертификат қажет екенін хабарлаған едік.
 

Талқылау