Қазақстан азаматтарының көбі Қырғызстанға кіре алмай, отбасылар ажырасып жатыр – Депутат

Дастан Бекешев Қазақстан азаматтары үшін Қырғызстанға кіру ережелерін жеңілдетуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media порталына сілтеме жасап хабарлайды.
22 қаңтар күні Жогорку Кенештің отырысында депутат Дастан Бекешев "виза-ран" жүйесінің күшін жоюына байланысты қиындыққа тап болған азаматтардан көп шағым түсіп жатқанын айтты.
Оның сөзінше, жағдай тіпті отбасылардың ажырасуына дейін барып отыр.
"Қазір Қазақстан азаматтарының көбі Қырғызстанға кіре алмай жүр. 2024 жылы біз "виза-ран" туралы заң қабылдадық. Қазір жағдай сондай деңгейге жетті, тіпті отбасылар ажырасып жатыр. Мысалы, әйелі Қазақстан азаматы болғандықтан Қырғызстанға кіре алмайды. Ал егер бала Қазақстанда туып, Қырғызстан азаматы болса, онда да қиындықтар туындайды. Біз бұл мәселені қайта қарауымыз керек. Әсіресе студенттер үшін қиындық көп", – деді Бекешев.
Депутат Қазақстанда да ұқсас ережелер бар екенін түсінетінін жеткізіп, бірақ өз азаматтары үшін кіру тәртібін жеңілдетуді сұрады. Ол сыртқы істер министрлігіне бұл мәселені зерттеу жөнінде тапсырма беруді ұсынды.
"Отбасылар шекара кесірінен бөлінбеуге тиіс. Қазір біреуі Қазақстанда, екіншісі Қырғызстанда қалып қойып жатыр", – деді Қырғызстан депутаты.
Бекешев төрағадан профильдік комитетке осы мәселені қарау үшін хаттамалық тапсырма беруді өтінді.
- АҚШ иммиграциялық виза беруді уақытша тоқтатады: Тізімде Қазақстан бар
-
Қазақстан Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы жерлерін уақытша пайдалануды ратификациялады
Еске салайық, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның елшіліктері шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтататынын жаздық. Сонымен қатар, Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органдары шетел азаматтары үшін eResidency бағдарламасын енгізді. Бұл бағдарлама Қазақстанға келмей-ақ, онлайн форматта мемлекеттік қызметтер мен сервистерді алуға мүмкіндік береді. Оның ішінде ЖСН көрсетілген цифрлық ID-картаны алу да бар.
"Төсек салып жатқызайық, содан кейін өзі-ақ қалады": Алып қашу құрбаны болған қазақстандықтардың жантүршігерлік оқиғалары