Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан азаматшасы Ресейде теракт ұйымдастырғаны үшін сотталып жатыр

Солтүстік Кавказ әскери соты Ростов-на-Дону (Ресей) орталығында теракт ұйымдастырған Татьяна Карпенко мен Наталья Гришинаға үкім шығармақ.

3023328

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Татьяна Карпенко Ростов қаласына Ресейдің Цимлянск қалашығынан, ал Наталья Гришина – Қазақстаннан көшіп келген. Болжам бойынша, қыздар “Имарат Кавказ” және “Ислам мемлекеті” радикалды топтарының ықпалына түсіп қалған. Аталған топтарға Қазақстан, Ресей және тағы бірқатар мемлекеттерде тыйым салынған болатын.

Күдіктілер терактқа дайындалып, террорлық қызметке көмек көрсеткендері үшін, сондай-ақ, жарылғыш заттарды заңсыз қолданғандары үшін айыпталып жатыр.

“Карпенко мен Гришинаның үкімі 18 қыркүйек күні шығады”, – деп мәлімдеді сот өкілі Алена Катькалко.

Тергеу болжамы бойынша, күдіктілер 2015 жылдың қазаны мен 2016 жылдың қаңтары аралығында Ростов-на-Донуда теракт жасауға дайындалған.

Өз-өздерін жарып жібермекші болған қыздар ол үшін жарылғыш заттар мен детонатор дайындап қойыпты.

Мемлекеттік айыптаушы бұған дейін Татьяна Карпенкоға 15 жыл 6 ай, ал Наталья Гришинаға 12 жыл және 100 мың рубль көлемінде айыппұл тағайындауды сұраған болатын.

Терактты ұйымдастушылардың бірі Ставрополь тұрғыны Виктория Семенова өз кінәсін толықтай мойындап, тергеу ісіне көмектесті. Әйел өз үйіне диванның астына жарылғыш затты тығып қойған екен. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал алдын ала тыңдалым барысында Гришина мен Карпенко өз кінәларын мойындамады. Қос бойжеткен де ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген. Карпенконың үш жасар қызы бар екені анықталды. БАҚ-тың хабарлауынша, әйел бұған дейін баласын дұрыс тәрбиелемегені үшін жауапқа тартылған.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда төбелестен кейін ұсталған ер адам полиция бөлімшесінде асылып қалды

Қарағандыда «Казақавтодор» басшысы ірі көлемде пара алған жерінен ұсталды (видео)

Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды

Тараздық “рентген әйел” атанған Динараның көзіндегі сәуледен ем алуға шетелдіктер қызығып жатыр (фото,видео)

Талқылау