Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ауғанстандағы террорлық шабуылды айыптады

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанның Кабул қаласында болған террорлық шабуылға қатысты мәлімдеме жасады.


«Қазақстан Кабулдағы «Интерконтиненталь» қонақ үйінде бейбіт халықтың, сондай-ақ Ауғанстанға бейбіт мақсатпен келген шетел азаматтарының өліміне алып келген террористік әрекетті қатаң айыптайды. Аталған қатыгез және өрескел әрекет Ауғанстан үшін ғана емес, осы елдегі бейбітшілік пен дамуды қалпына келтіруге атсалысып жатқан барлық халықаралық қауымдастық үшін сын-қатер болып табылады», делінген хабарламада.

«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының қаңтарда қабылдаған мәлімдемесі халықаралық қауымдастықты осы елдегі саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетуге шақырады. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, сондай-ақ жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуін тілейміз», делінген мәлімдемеде.

Қазақстан Ауғанстандағы терроризм мәселесін түбегейлі шешу үшін жедел шаралар қабылдау қажеттілігін толық жауапкершілікпен мәлімдеді. Сондай-ақ, Ауғанстандағы барлық саяси күштерді ұлттық татуласу бойынша келіссөздер жүргізуге шақырады. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде және ұлттық негізде Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға, терроризмді басуға және елді қалпына келтіруге жан-жақты жәрдем көрсетуді жалғастырады.

Айта кетеййік, бүгін, 21 қаңтар күні, Ауғанстанда содырлар қонақүйге шабуылдап, соның салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапқан еді.

Тағы да оқыңыз:

Қарағанды облысында жеке меншік үйде иіс тиіп уланған бес адам көз жұмды

Мұсылмандық бейнесінде жасалған Крещение суаты желіде шу болды 

Мен оны 22 жыл күттім: Астанада егде жастағы ер адам сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

Талқылау