Қазақстан Америкаға 49 жылға жер телімін жалға бермек
Қазақстан Америкаға 49 жыл мерзімге жаңа консулдық салу үшін ауданы 70 мың шаршы метрден асатын Алматыдағы жер учаскесін жалға береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Үкіметтің қаулысында жалға беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын деп жазылған.
"Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Америка құрама штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің ғимаратын салу үшін жер учаскесін жалға беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын", – делінген үкімет қаулысында.
Құжат негізінде АҚШ келесі көшелер арасында орналасқан ауданы 70 593 шаршы метр жер учаскесін жалға алады. Жамақаев көшесі, Әл-Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Алдар Көсе көшесі. Консулдық мекеменің ғимаратын салу және пайдалану үшін жер учаскесін жалдау шарты жасалған күннен бастап 49 жыл мерзімге беріледі. Айта кететіні жалдау мерзімі тағы 49 жылға ұзартылуы мүмкін.
"Бастапқы 49 жылдық жалдау мерзімі үшін және одан кейінгі барлық 49 жылдық ұзарту кезеңдері үшін (жалпы ұзақтығы шектеусіз) жалдау ақысының мөлшері 25 301 016 долларды құрайды және осы келісім күшіне енген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде бірыңғай төлеммен төленетін болады", – делінген қаулыда.
Сот үкімі шықса да Тимур Құлыбаев ҚазҰУ-дың жерін әлі қайтармаған
Еске салайық, бұған дейін 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ жері шетелдіктерге сатылмайтынын айтқан еді. Президент мемлекеттен жерді жалға алған көптеген азаматтың жерді одан әрі пайдалану үшін оны жұмыс жасамай-ақ ұстайтынына назар аударды. Оның айтуынша, "елде латифундистер деп аталатын тұтас бір топ дамыды, олар пішенде ит сияқты жүреді”,