Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан әлемдік экономикалар рейтингінде 36-орынға ие болды

Фото: freepik.com

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар қатарында 36-орынға жайғасты. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының деректеріне негізделген рейтингте айтылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тізімде еліміздің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 973 миллиард доллар деп бағаланған. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Сингапурдан 989 миллиард доллар (464,1 триллион теңге) кейін, ал Румыниядан (949 миллиард доллар) алда тұр.

Әлемдік рейтингте бірінші орынды Қытай иеленді оның экономикасы 43,5 триллион долларды (20 749,5 триллион теңге) болды. Екінші орында 31,82 триллион доллармен (15 177,1 триллион теңге) АҚШ, ал үшінші орында 19,14 триллион доллармен Үндістан (9 129,8 триллион теңге).

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікті дамытуға арналған жиында ел экономикасының өсімі 6%-дан асатынын және ЖІӨ алғаш рет 300 млрд доллардан жоғары болатынын мәлімдеді. Ол экономиканы әртараптандыру мен дайын өнім экспортын арттырудың маңызын атап өтіп, шағын және орта бизнеске қолдауды күшейту қажет екенін айтты.

Сонымен қатар мемлекет басшысы көп жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселені көтеріп, қой мен ірі қара терісін өңдейтін кәсіпорын ашуды тапсырды. Оның айтуынша, бұл салада нақты сұраныс бар, бірақ әлі күнге дейін жүйелі түрде қолға алынбаған.


 Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда азық-түлік бағасының күрт қымбаттауы тек қосымша құн салығынсыз өсімімен байланысты емес. Үкімет дерегінше, негізгі себептер импортқа тәуелділік, әлемдік нарықтағы бағаның өсуі, экспортқа сұраныстың артуы және импорттық инфляция. Ішкі өндіріс барлық сұранысты толық жаппағандықтан, сыртқы факторлар бағаға тікелей әсер етіп отыр.

Айым Атамбаева
Жұма, 20 Наурыз, 2026 10:15