Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі "ең мықты" төлқұжат рейтингінде Таиландты басып озды

2025 жылғы Global Passport Power Rank рейтингісі бойынша әлемдегі "ең мықты" паспорттар жарияланды. Тізімде Қазақстан Таиландты басып озған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Рassportindex.org порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: visaglobal.com.ua

Бұл рейтинг виза талаптарын немесе безвизалық кіру мүмкіндігін ескере отырып жасалған. Қазақстан 95 елдің арасында 52-орын иеленіп, Гайана мен Таиландтың арасында тұрақтады.

Қазақстан паспортымен 46 елге визасыз кіруге болады, 50 елде виза шекарадан беріледі. Ал қалған 102 елге алдын ала виза алу қажет. Осылайша, Қазақстан паспортының мобильдік көрсеткіші – 95 балл.

Рейтингтің басында Біріккен Араб Әмірліктері тұр, ол 180 балл жинаған. Себебі БАӘ азаматтарына 133 елге виза қажет емес.

Екінші орында – Испания, 179 балл жинаған. Үшінші орында бірден 14 еуропалық ел тұр: Финляндия, Франция, Германия, Бельгия, Италия, Дания, Нидерланды, Люксембург, Австрия, Португалия, Швейцария, Норвегия, Греция және Ирландия. Рейтингтің соңында Сирия, Ауғанстан, Ирак және Сомали орналасқан.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстан төлқұжаты Орталық Азияда ең мықты деп танылғанын жаздық. VisaGuide Passport Index 2024 төлқұжаттар рейтингінде Қазақстан Орталық Азиядағы ең күшті ел деп танылып, 106-орынды иеленді. Аймақтағы елдердің ішінде Қазақстан төлқұжаты Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан төлқұжаттарын басып озды.  Қазақстан төлқұжаты визасыз кіру мүмкіндігін, келу кезінде алынатын визаны, электронды визаларды және жаһандық ұтқырлықтың басқа аспектілерін ескеретін балдық жүйе – Destination Significance Score (DSS) бойынша 36,66 ұпай жинады.

Талқылау