Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы активтерін басқару жүйесі өзгереді

Қазақстан 2026 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын бағалаудың жаңа жүйесіне көшеді

Фото: Ru.freepik.com

Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін зейнетақы активтерін басқарудың жаңа қағидаларын бекітті. Басқарушы компаниялардың қызметін бағалау жүйесі құрамдас индекстерге (бенчмарктерге) көшірілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған индекстер Қазақстан және әлемдік қор нарықтарының көрсеткіштерін қамтиды. Мұндай тәсіл зейнетақы активтерін басқару нәтижелерін жаһандық экономикалық үрдістерді ескере отырып, неғұрлым объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Енді басқарушы компаниялар салымшыларға әртүрлі тәуекел деңгейі, табыс және инвестиция мерзімі бар стратегияларды ұсына алады. Бұған қоса, инвестициялық мүмкіндіктер кеңейтілді. Яғни, зейнетақы активтерін инвестициялауға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі ұлғайып, оларға тиісті лимиттер белгіленді.

Сондай-ақ ерікті активтерді қайтару тетігі енгізіледі. Осылайша, басқарушы компаниялар зейнетақы активтерін Қазақстанның Ұлттық банкінің басқаруына қайта тапсыру құқығына ие болмақ.

Жаңашылдықтың нәтижесі қандай болмақ?

“Жаңа тәсілдер зейнетақы активтерінің ұзақ мерзімді табыстылығын арттыруға, басқарушы компаниялар арасында бәсекелестік ортаны күшейтуге және салымшыларға өз жинақтарын әртараптандырудың кең мүмкіндіктерін ұсынуға мүмкіндік береді”, – дейді ретттеуші органдар.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтынан оқи аласыз.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 03 Қараша, 2025 14:53
Талқылау