Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан – еврейлерді жоюдан бірінші ел": Борат рөлін сомдаған Саша Барон Қазақстанға қатысты тағы әзілдеді

Комедия актері Саша Барон Коэн Kennedy Сenters Honors марапаттау рәсіміне “әйгілі” Борат кейпінде келіп, Канье Уэст пен басқа жұлдыздар жайлы, сондай-ақ Қазақстан жайлы әзілдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Саша Барон Коэн оны танымал еткен “Борат” фильмінің басты кейіпкері – қазақстандық журналист Борат Сағдиевті қайта еске салды. Ол Дональд Трамп, Канье Уэст және тіпті АҚШ-тың қазіргі президентінің жұбайы Джилл Байденді әзілге қосты. 

Шара 4 желтоқтан Вашингтонда, Колумбия округінде өтті. Іс-шара 28 желтоқсанда CBS арнасына эфирге шығады. Іс-шараға АҚШ президенті Джон Байден қатысты.

Этникалық еврей Саша Барон Коэн рэпер Канье Уэсттің соңғы антисемиттік, яғни еврейлерге қысымды қолдаған мәлімдемелерін сынға алды. Канье Уэстке тиісе отырып, Қазақстанды зілді әзіліне қосты.

"Мен АҚШ-тағы антисемитизмге қатты ренжідім. Бұл – әділ емес қой. Қазақстан – еврейлерді жою бойынша бірінші. Біздің хоббиімізді ұрлауды доғарыңыз. Ұрламаңыз", – деп әзілдеді актер Бораттың атынан сөйлеп.



Одан кейін антисемитизм (еврейлерге дискриминация) бойынша Уэст тіпті қазақтардан да басып озғанын айтты.

"Сіздердің Каньелеріңіз Қазақстанға көшіп келуге тырысып, өз атын қазақшалады. Бірақ ол тіпті біз (қазақстандықтар) үшін де шектен тыс антисемит", – деді “Борат”.

Коэн АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты "қызғылт сары тері" және "семіз қарын" деп мазақ етті. Байденді Трамппен әдейі шатастырып, президентке сөйледі.

"Маған бүгін президенттеріңіз осында деп айтты. Қайдасыз, Трамп мырза? Жағдайыңыз мәз емес сияқты. Қарныңыз жоғалып кетіпті. Ал әдемі қызғылт сары теріңіз бозарған", – деді комик.

Талқылау