Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығынан бірқатар тас жол жабылды

Қазақстада ауа райының қолайсыздығынан бірқатар тас жол жабылдыФото: Ru.freepik.com

Еліміздегі кейбір жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар тас жолдар жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Атырау облысы

Сағат 11:40-тан бастап автокөліктің барлық түрі үшін Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай – Үтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау автожолының 3–210 шақырым аралығы (Доссор – Маңғыстау облысының шекарасы) жабылды. Жол шамамен 28 желтоқсан күні сағат 18:00 шамасында ашылады. 

Сағат 13:00-ден бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы автожолының 179–189 шақырым аралығында (Индер – БҚО шекарасы) қозғалысқа шектеу енгізілді. Жол шамамен 29 желтоқсан сағат 00:00-де ашылады.

Маңғыстау облысы

Сағат 11:40-тан бастап автокөліктің барлық түрі үшін Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай – Үтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау автожолының 210–332 шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасы – Бейнеу) жабылды. Ашылу уақыты — 28 желтоқсан сағат 18:00 шамасында.

Батыс Қазақстан облысы

Сағат 13:00-ден бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы автожолының 189–492 шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасы – Орал) жабылды. Жол шамамен 29 желтоқсан сағат 00:00-де ашылады.

Сағат 13:30-дан бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы автожолының 273–526 шақырым аралығы (Барбастау – Ақтөбе облысының шекарасы) жабылды. Ашылу уақыты — 29 желтоқсан сағат 00:00 шамасында.

Ақтөбе облысы

Сағат 13:30-дан бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы автожолының 526–610 шақырым аралығы (Батыс Қазақстан облысының шекарасы – Қобда) жабылды. Жол шамамен 29 желтоқсан сағат 00:00-де ашылады.

Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 call-орталығына хабарласуға болады.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 28 Желтоқсан, 2025 15:09