"Қазақша "рақмет" деп айтасыз": Алматы базарындағы оқушы филиппиндік блогерді таңғалдырды
Фото: Видеодан скриншот
Алматыдағы базарлардың бірінде сатушы болып жүрген мектеп оқушысы филиппиндік блогердің парақшасында хитке айналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Серджио есімді блогер TikTok желісінде әлемді аз шығынмен аралаудың тиімді жолдарын үйретеді. Бұл жолы ол Қазақстанға саяхаттап келген.
Алматыдағы "Көк базарды" аралап жүріп, ол қазақы стильде безендірілген кәдесыйлар сататын сөрелерге барған. Сауда жасап отырған бала туристің сұрақтарына ағылшынша емін-еркін әрі сенімді жауап берді. Әңгіме барысында баланың жасы 14-те екені, мектеп оқушысы екені белгілі болды. Блогер бірнеше магнит сатып, алып, орыс тілінде “Спасибо” дейді. Мұны естіген бала: “Ол орысша айтылған, қазақша “рақмет” деп айтасыз деді. Видеоролик 140 мың лүпіл пен 2,5 мыңнан астам пікір жинаған.
Желі қолданушылары баланың алғырлығы мен тапқырлығына таңғалып, қызу талқылап жатыр. Олар мектеп оқушысының ағылшын тілінде еркін сөйлегеніне тәнті болды
“I go to school” дегені өтті”, “Нағыз патриот бала екен”, “Жарайсың, елі мен жерін сүйетін азамат осындай болуы керек”, “Мектептегі ағылшын тілінен сабақ беретін мұғаліміне мың алғыс”, – деп жазды көпшілік.
@sergiosbudgettravels_ $1.15 fridge magnet in Almaty, Kazakhstan 🇰🇿 #streetfood #kazakhstan #almaty #kazakhfood ♬ original sound - sergio

"Оқушылармен бір vibe-тамын": Желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленді
