Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақша лекция оқи алмасам да "қалайсың" деп сұрай аламын – Черчесов

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов "СЭ" басылымына берген сұхбатында қазақ тілін үйрену туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: РИА Новости

Бапкер Черчесов қай елде жұмыс істесе де, міндетті түрде сол елдің негізгі фразаларын үйреніп алатынын айтты. 

"Егер басқа елде, басқа мәдениетте болсаң, ең болмағанда негізгі тіркестерді білуің керек. Әрине, қазақ тілінде лекция оқып, киім ауыстыру бөлмесінде нұсқау бере алмаймын. Бірақ сәлемдесіп, "қалайсың?" деп сұрай аламын. Қазір қазақ тілін үйренуге уақыт аз. Бірақ ойыншылар мен құрам қызметкерлері сөйлескенде, сөздердің мағынасын сұрап отырамын", – деді Станислав Черчесов "СЭ" басылымына берген сұхбатында.



Еске салайық, Черчесов 2024 жылдың шілде айында Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді. Бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуі екіталай екенін, алайда қажет сөздерді білетінін айтты. Алайда ол баспасөз конференциясы кезінде журналистердің қазақ тіліне байланысты қойған сұрағына кідіріп қалды. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қазақша сұрақ қойған журналисті мазақ еткені үшін 200 АЕК (738 400 теңге) айыппұл салынды. Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов "Черчесовтің әзілдері кейде шектен шығып кетеді. Мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіріп, онымен жеке сөйлестік. Айыппұл салынды" деп мәлімдеді. Бұдан бөлек ол журналистің қазақ тіліндегі сұрағына "сен французша сөйлеп тұрсың ба?" деп әзілдеген еді.

Талқылау