Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақша есім азайып барады": Айгүл Иманбаева екі немересіне қандай әже екенін айтты

Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/

Танымал әнші Айгүл Иманбаева немерелеріне қандай әже екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің жақында екінші немересі дүниеге келген еді. 

“Үйде анам бар. Ол кісінің көзінше өзімді "әже" деп атай бермеймін. Мен апасымын. Көбінде немерелеріме қарайтын – анам. Екі немерем де тәтті. Үлкені 1,5 жастан асты. Есімі – Айсұлу. Екінші немерем – Айсұлтан. Біріншісін анам, екіншісінің есімін мен қойдым. Соңғы уақытта қазақша есімдер азайып бара жатқандай. Сол себепті, Айсұлтан қойдым. Әжесі Айгүл, әпкесі Айсұлу болған соң, Айсұлтан деген есімді таңдадым", – деді әнші.



Айта кетейік, Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі Айгүл Иманбаеваның немересіне бриллиант сыйлаған еді. 

“Бұл қыз – ерекше. Бізде бір ата-әже болса, Айсұлуда – төртеу. Құшағымызды жайып, жақсы көріп тұрамыз. Саналы, салиқалы ұрпақтардан болсын! Қолымыздағы барымызды береміз. Бүгінгі мерекесіне өз атымнан алтын сырға мен бриллиант сыйлаймын", – деді Динара Абдуллина.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 22 Қазан, 2025 11:07
Талқылау