"Қазаққа жат қылық": Аяғы ауыр Салтанат Бақаева ерекше фототүсірілім жасап, сынға қалды
Төртінші сәбиін күтіп жүрген Салтанат Бақаева ерекше фототүсірілім жасаймын деп елден ұрыс естіп қалды. Әнші әрі актриса жаңа фотосуреттерімен Instagram-дағы парақшасында бөліскен, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақтарға жат қылық қой бұл. Масқара, ата-енеңіз бар, қалай ұялмайсыз? Не өнеге? Не тәрбие?", "Масқара, жарасып тұр деп ойлайсың ба? Әрі жүктісің", "Осының не керегі бар екен", "Ұят екен", – деп сынады олар.
Әйтсе де, фотолардың әдемі шыққанын атап өткендер де жетерлік.
"Әлемдегі ең әдемі әйел – жүкті әйел", "Барлығы әдемі", "Әдемісіз. Алла тіл-көзден сақтасын. Аман-есен қол-аяғыңызды бауырыңызға алыңыз", – деп жылы лебізін білдірді оқырмандар.
Айта кетейік, Салтанат Бақаеваның үш ұлы бар. Әнші төртінші перзентінің де ұл болатынын айтқан еді.