Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры БАӘ-де ұсталды

БАӘ-де аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: antikor.com.ua

"Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп ұсталды. Оны аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті іздестірді", – делінген полиция хабарламасында.

Мақсат Әріп Kazakhstan Kagazy компаниясын 2003 жылдан 2008 жылға дейін басқарды.

2024 жылдың 24 қаңтарында Мақсат Әріпке іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, 2018 жылы "Қазақстан қағазы" компаниясының бұрынғы басшысы Мақсат Әріптің Лондонда 6 элиталы үйі бар екені анықталды. 

Үйлердің құны 25 млн долларға бағаланды. Жылжымайтын мүлік кипрлік компанияның меншігінде, ал иесі – Мақсат Әріптің анасы.

БЗЖҚ мәліметінше, Лондон соты бұл активтерді тоқтату туралы уақытша шешім қабылданды.

Талқылау