Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жұқпалы аурулар ғылыми орталығының директоры сотталды

"Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының" директоры сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

19 наурыз күні Алматы қаласының Медеу аудандық сотымен "Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының" директоры Байсеркин Б., оның орынбасары Әбішев А. және "Халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының" директоры Толемісова А. сотталды.

“Байсеркин өзінің орынбасары Әбішевтің көмегімен кәсіпкер Толемісовадан медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі консорциум шарты шеңберінде жұмыстар мен қызметтерді кедергісіз орындағаны үшін 5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен Байсеркин мен Әбішевке әрқайсысына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Төлемісова аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген хабарламада.


Облыс әкімі орынбасарының пара алғанын хабарлаған азамат 12 млн теңге сыйақы алған


Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында пара алған бас онколог айыппұлмен құтылып кеткені туралы жазған едік. 

Талқылау