Қазақ жігіттері Өзбекстаннан қыз алуды жиілеткен
Соңғы үш жыл ішінде қазақстандық жігіттерге күйеуге шыққан 3 мың шетелдік қыз Қазақстан Республикасының азаматтығын алған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.
2015 жылы 2474 өзбекстандық қыз Қазақстан азаматы атанса, 2016 жылы 1358, 2017 жылы 1350 азамат тіркелген.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 2015-2017 жыл аралығында 5 811 шетелдік қыз-келіншек Қазақстан азаматтарына тұрмысөа шыққан. Олардың көбі өзбекстандық әйел адамдар.
Екінші орында – Қырғызстан, үшінші орында Ресейдің әйел азаматтары тұр.
Сонымен қоса, Армения, Тәжікстан, Әзербайжан және Грузия азаматтарымен құда болған қазақстандықтардың да саны аз емес.
Тағы оқыңыз:
Тікелей эфирінде сүйіскен кішкентай қыздардың видеосы тексерілетін болды
Рудныйда бір соққымен адам өлтірген кикбоксер 8 жылға сотталды
Таразда сәбинінен айрылған келіншек дәрігерлерді айыптады
Әскери шенінің жоғарылағанын тойлап арақ ішкен әйелдер видеосы үшін жазаланды
Талқылау