Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақ жауынгері” Қытайда өткен жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді

“Қазақ жауынгері” деген лақап атпен белгілі Елхат Нығметолла кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді.

3040235

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

“Профи Бокс Казахстана” мәліметінше, Қытайдың Цзинань қаласында өткен бокс кеші аясында WBO тұжырымы бойынша ең жеңіл салмақтағы Азия чемпионы белбеуі үшін жекпе-жекте Елхат Нығметоллы таиландтық боксшы Кайонсак Потангті екінші раундта нокаутқа түсірді.

Елхат Нығметолла мансап жолында 11 кездесу өткізіп, оның екеуінде нокаутпен жеңіске жеткен. Ал 35 жастағы Кайонсак Потанг 25 рет жеңіске жетіп (17-сі нокаутпен), 17 рет жеңіліп көрген (14-і мерзімінен бұрын).

Айта кетейік, “Қазақ жауынгері” атты лақап атпен өнер көрсетіп жүрген Елхат Нығметоллы Қанат Исламның жерлесі болып келеді. Екі спортшы да Қытайдың Синьцзян провинциясы Іле-Қазақ автономды округіндегі Алтайда дүниеге келген.

Оқи отырыңыз:

Қытайда әділетсіз жеңілген қазақ боксшысының жанкүйерлері шу шығарды

Белгілі комментатор “Селтиктен” ұтылған “Астана” ойыншыларының жіберген кемшілігін атады

Қуат Найман “Астананың” жеңілісінен соң Қазақстанда футболға тыйым салуды ұсынды

Серік Қонақбаев Қанат Ислам мен Головкиннің алдағы айқастарына болжам жасады

Талқылау