Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақ Робин Гуд" деп танылған блогердің соты: Прокурор Ілияс Сариевті 6 жылға соттауды сұрады

Видеодан скрин

Алматының Алмалы аудандық сотында “Қазақ Робин Гуд” лақап атымен танымал блогер Ілияс Сариев пен “MM Travel” туристік компаниясының басшысы Ақтоты Дүйсееваға қатысты іс бойынша пікірталас өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оларға қылмыстық кодекстің “ірі көлемдегі алаяқтық” бойынша айып тағылған.

Пікірталас кезінде прокурор айыпталушылардың кінәсі зардап шеккендер мен куәлардың куәліктерімен толық дәлелденгенін айытп, Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсееваны алты жыл бас бостандықтарынан айыруды сұрады.

Сондай-ақ прокурор жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандыруды сұрады.


"Базарда жасөспірімге қайыр сұратқан": Алматыда қайырымдылық қорының директорына айыппұл салынды


Жәбірленуші тараптың адвокаттары Жандос Палманов пен Асылбек Абдраимов айыпталушыларға қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі бойынша ең жоғарғы жаза – жеті жыл бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды сұрады.

Еске салсақ, бұған дейін "Қазақ Робин Гуд" деп танылған блогер алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік. 22 қыркүйекте өткен сот отырысында жәбірленушілердің бірі баласының еміне ақша жинап беруі үшін 750 мың теңге жібергенін айтты. Аталмыш іс бойынша жәбірленушілерге жалпы 33 миллион теңге шығын келгені анықталды.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 27 Қараша, 2025 22:01
Талқылау