Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызы жігіті мен оның әйелінің ұсынысынан кейін талып қала жаздаған

Келіншек жігіті мен оның әйелінің ұсынысын естіп, талып қала жаздаған екен. Жігіті көпке дейін әйелімен ажыраспағанын айтпаған. Ол керісінше әйелімен жоспар құрып, келіншекке өздеріне бала туып беру туралы ұсыныс жасаған. Алайда келіншек біреудің екінші әйелі бола алмайтынын айтып жатыр.

polygamy01_b-e1431510484560

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

«Бір ай бұрын бір жігітпен таныстым. Мінезі де, қызметі де жақсы. Танысқан күннен бастап ойымнан кетпей қойды. Екеуіміз қыз-жігіт болып кездесіп, ол маған ерекше қамқорлық көрсете бастады. Танысқан кезде «Ажырасқанмын. Бірінші некемнен бір ұлым бар» деп айтқан болатын. Мен де ажырасқанмын. Аллаға шүкір, бір қызым бар. Бір күні ол мені кездесуге шақырды. Алып-ұшып жетіп бардым. Қасында бір әйел отыр. Әпкесі немесе қарындасы шығар деп ойладым. Екеуімізді таныстырып «Мынау менің әйелім» деген кезде, біреу үстімнен мұздай су құйып жібергендей болды.

Әйелі мені өте жылы қабылдады. Екеуінің отасқандарына 13 жыл болыпты. Әйелі ұлынан кейін бала көтере алмаған екен. Маған екінші әйел болуға ұсыныс жасады. «Маған ұрпақ керек» дейді. Құдды түс көргендей өзіме сене алмадым. «Ойланамын» деп шығып кеттім. Бірақ, біреудің екінші әйелі болғым келмейді. Қазір қайта-қайта қоңырау шалады. Әйелі де смс-хат жазады. Тіпті, «Келісуіңді өтінемін» деп жазып жіберіпті. Шынымды айтсам, ол әйелге жаным ашиды. Бірақ, елді ойлаймын деп өзімді қинағым келмейді. Басым әбден қатып кетті. Оларға қалауымды қалай түсіндірсем екен? Мен олай өмір сүре алмаймын», – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек бедеу күйеуіне ауыр сөздер айтқаны үшін өзін кешіре алмай жүргенін айтты

Қазақ жігіті көңілдесімен қашқан әйелін кешіруге дайын екенін ашып айтты

Жақында босанған келіншек күйеуінің суық қабағынан қорқатынын айтып жылады

Бойжеткен жігітінің әдепсіз қылықтарынан шаршағанын айтып жылады

Талқылау