Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты сатылымға қойылды
Бүгін еліміздегі мемлекеттік мекемелерді жекешелендіру бойынша электронды сауда айналымында «Құрмет белгісі» Орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ мен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» АҚ-ның жүз пайыз акцияларын сату сәтті болмады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Мұндай жағдай сатып алушылар қызығушылығының төмендігінен орын алды. Сауда айналымының басында конкурсқа қатысушылар тарапынан веб-порталға екі ұсыныс түскен.
Сондай-ақ, конкурс электронды тендер түрінде өтіп, тізілімнің арнайы веб-парақшасындағы жабық электронды конвертте қатысушылардың баға ұсыныстары болуы керек-ті.
Екі акционерлік қоғам да ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарайды, ал сатылымға қойған – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті.
Қос нысан негізіндегі кепілдік жарна қатысушылар үшін 68 070 000 теңгені құрайды. Бастапқы баға бойынша Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты – 3 025 437 000 теңге, ал Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы 4 412 117 000 теңге болып бекітілді.
Оқи отырыңыз:
Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас іштегі сәби үшін пайдалы
Жүктілік кезінде ескеретін дүниелер
Қытай халқының саны 1 миллиард 399 миллионға жетті