Алматыда мәйіті табылған студенттің неден қаза болғаны белгілі болды
Алматы мәйітханасынан табылған Қазақ қөлік және коммуникация академиясы студентінің қаза табуының себебі анық болды. Бұл туралы Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Фото: vk.com
“Әлішер Алиясилов 28.09.2016 жылы 22 сағат 30 минутта Райымбек даңғылында орын алған жол-көлік апаты салдарынан ажал құшты. Жолдан өтіп бара жатқанда оны көлік қағып кеткен. Алынған жарақаттар салдарынан ер жігіт жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды. Өзімен жеке куәлігі, құжаттары болмаған”, – деп хабарлады ІІД.
Жол-көлік оқиғасы бойынша қаланың ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімінде қарастырылған сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жақын арада жүргізушіге қатысты бұлтартпа шарасы тағайындалады. Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.
Іздестіру шаралары аясында қаза тапқан жігіт 29.09.2016 жылдан із-түзсіз жоғалған болып саналған Алиясилов А. екені анықталды. Туыстарына хабар берілді.
Бұрын хабарланғандай, Қазақ көлік және коммуникация академиясының студенті 28 қыркүйекте үйінен шығып, кейін туыстарымен хабарласпаған. Соңғы рет оны колледжде көрген, жігіт ол кезде үйіне жиналып жатқан еді.
Оқи отырыңыз:
Ислам діні адам сыртынан сөз айтуға рұқсат беретін 5 жағдай
Жынысын ауыстырған қазақстандық транссексуал елімізде ерлердің 90%-ы бисексуал деп жұртты шошытты
Тұңғышбай Жаманқұлов: Арыстанбекпен текетіресім ол ректор болып тұрғанда басталған