Алматыда үш күн бұрын жоғалған студент өлі күйінде табылды
28 қыркүйек күні колледжден шығып, із-түзсіз жоғалған Әлішер Әлиасылов өлі күйінде табылды.

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасына Алматыдағы Қоғамдық қауіпсіздік кеңесінің мүшесі Ислам Угушев хабарлады. Жоғалған студентті іздестірумен айналысқан еріктілердің бірі И.Угушев: «Әлішер Әлиасылов мәйітханадан табылды. Толық мән-жай әлі белгісіз. Иманды болсын!», – деп жазды.
Қазақ көлік және коммуникация академиясының студенті Әлішер Әлиасылов 28 қыркүйек күні жоғалды. Ол үйінен шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған. Оны соңғы рет колледжде көрген. Жігіт үйіне баратынын айтқан.
Жіберіп алмаңыз:
Павлодарда жоғалып кеткен оқушылар табылды
Жоғалған алматылық оқушы Шымкенттен табылды
Шымкентте дәретхана құбырынан 5-6 айлық шарананың денесі табылды (фото)
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады