Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қыздары туралы даулы мәлімделерімен танылған ресейлік блогер Алекс Леслиге іздеу жарияланды

Фото: tass.ru

Қазақстандық қыздар туралы даулы мәлімделерімен танымал ресейлік блогер Алекс Леслиге іздеу жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өзін “секс-гуру” деп атайтын ресейлік блогер Алекс Леслиге (шын аты – Александр Кириллов) қылмыстық іс аясында іздеу жарияланған. Ресей құқық қорғау органдары оны ұстау және Ресейге экстрадициялау үшін барлық қажетті шараларды қолдануға ниетті. Соңғы мәліметтер бойынша, Лесли Польшада жасырынып жүрген көрінеді. 

Леслиге қарсы қылмыстық іс маусым айының соңында қозғалған. Бұған мәскеулік қыздардың топтық арызы себеп болған. Олар қала ортасында белгісіз ер адамдардың өздеріне тиісіп, бұл әрекеттерін видеоға түсіргенін айтып шағымданған. 

Тергеу барысында бұл әрекеттердің Леслидің өзінен курс алған оқушыларына берген тапсырмасы екені анықталды. Полиция Леслиге қатысты зорлыққа шақыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. 

Еске салсақ, 2022 жылдың қараша айында Алекс Леслиге Қазақстанға бір жылға кіріп-шығуға тыйым салынған еді. Бұған оның "Барлық қазақтың қыздары біздікі" деген ұранмен Алматыда тренинг өткіземін деген мәлімдемелері себеп болды. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 26 Тамыз, 2025 21:22
Талқылау