Қазақ киносындағы тарихи күн: Ақан Сатаевтың фильмі әлемдік прокатқа шығатын болды
Ақан Сатаев – отандық киноны әлемдік прокатқа шығарған тұңғыш режиссер! Басты рөлде Айсұлу Әзімбаева ойнайтын «Она» фильмін “20th Century Fox” дистрибьютерлік компаниясы қанатының астына алды. Яғни, әлемнің әр түкпірінде прокатқа шығарып, картинаны лайықты жарнамалайтын болады.
Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.
Әзірге, «Она» кинолентасын нақты қай елдің кинотеатрларында тамашалауға болатыны беймәлім. Дегенмен, психологиялық трейлердің тұңғыш көрсетілімі Санкт–Петербор қаласында өтті. Енді, 13-ші қазанда Пусандағы кинофестиваль аясында әлемдік тұсаукесері жоспарлануда.
«Біздің қуанышымызға орай «Она» киносы үлкен Голливудтың компаниясы «20- век фокс» үлкен мейджер компания, дистрибюциясын Қазақстан бойы және ТМД-ның кейбір қалаларына алып отыр. Бұл қазақ киносанда негізінде бірінші рет», – дейді Ақан Сатаев.
«Она» фильмі елде 30-шы қазаннан бастап үлкен экранға шығады.
Жіберіп алмаңыз:
Нұртас Адамбай мәдениетсіз қазақтар үшін шетелдіктерден ұялғанын айтты
Ди Каприо АҚШ президентінің рөлін сомдамақ
Қайрат Нұртас түрікше әнге бейнебаян түсіретінін айтты
Досхан Жолжақсынов жарына арнап Төреғалидің әнін шырқады (видео)