Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ күресінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны алтыншы алтынмен толықты

Жарыстың екінші күнінде 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ғалымжан Әбдірахманов Қазақстан құрамасының қоржынын алтыншы алтынмен толықтырды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Финалда отандасымыз кубалық Тарлос Исмаилмен белдесті. Екі спортшы да алғашқы минуттардан-ақ қызу тартысты бастады. Төрешілердің шешімімен Ғалымжан Әбдірахманов жеңіске жетті.

Бұған дейін 66 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан қазақстандық Қасымхан Төленбай өзбек балуанынан басым түскен еді.

Сонымен қатар 60 келі салмақта өнер көрсеткен Қуаныш Ысқақов жеңіске жетіп, тағы бір алтынды қанжығамызға байлады.

Естеріңізге сала кетсек, әлем чемпионатының алғашқы күнінде 3 бірдей қазақ балуаны жеңімпаз атанған. 55 келі салмақта өнер көрсеткен Марат Нығматуллаев финалда армениялық Багалян Погоспен айқасып, жеңіске жетті. 82 келі салмақта ел намысын қорғаған екінші балуанымыз Нтанатсидис Алексионоспен белдесіп, алтын жүлдені иеленді. Ал үшінші алтынды иеленген 90 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әділжан Ыстыбаев болды. Ол шешуші сында Тәжікстаннан келген Хрушед Шариповпен белдескен еді.Сондай-ақ аса ауыр салмақтағы Руслан Әбдіразақов «қола» еншіледі.

Жарысқа әлемнің 40 мемлекетінен келген 166 спортшы қатысуда. Жарыста жеңімпаздары – 2 мың, екінші орын еншілегендер – 1 мың, ал үшінші орын иегерлері 500 АҚШ долларын иемденеді.

Жіберіп алмаңыз:

Үш бірдей қазақ балуаны еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қазақстан Барысын үш рет ұтқан Бейбіт Ыстыбаев 10 жасар баладан жеңіліп қалды

Қазақ күресі: Абсолютті салмақ жеңімпазы 5 мың доллар алады

Астанада қазақ күресі бойынша әлем чемпионаты басталды

Талқылау