Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ футболшысы 17 жасқа дейінгі әлемнің ең қымбат үш ойыншысының қатарына кірді

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Алматылық "Қайрат" клубының және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының вингері Дастан Сатпаев 17 жасқа толмаған футболшылар арасында әлемдегі ең қымбат үш ойыншының қатарына енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Transfermarkt сайты футболдағы жас ойыншылардың нарықтағы бағасын қайта жаңартты. Жаңа рейтингке сәйкес, Сатпаев 17 жасқа дейінгі ең қымбат 100 футболшының тізіміне енген жалғыз қазақстандық спортшы атанды. Қазіргі таңда Дастанның трансферлік құны 1,8 миллион еуро деп бағаланған.

Айта кетейік, осы жас шектеуіндегі ойыншылар арасында отандасымыздан жоғары тек екі футболшы бар, олар мексикалық Хильберто Мора ("Тихуана" — 3 миллион еуро) және бельгиялық Натан Де Кат ("Андерлехт" — 2,5 миллион еуро).

Еске салайық, 2025 жылдың ақпан айында "Қайрат" клубы Дастан Сатпаевтың ағылшындық "Челси" командасына сатылғанын ресми түрде хабарлаған болатын. Сатпаев 18 жасқа толғанша алматылық клуб сапында өнер көрсетеді.

Биылғы маусымда 16 жастағы Сатпаев Қазақстан Премьер-лигасында 13 матч өткізіп, 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Бұған дейін, Дастан Сатпаев – ҚПЛ-дың ең қымбат футболшысы атанғанын хабарлаған едік.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 19 Маусым, 2025 16:15
Талқылау