Қазақ әйелінің күйеуімен ажырасуына абысыны себепші болған
Шолпан ханым бірнеше жыл бұрын күйеуімен ажырасып кеткен. Олардың арасына абысыны от салған екен. Алайда психолог маман бұл ситуацияда әйелдің баласын ойламағанына қайран қалып отыр.
Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.
Ұлыбританияның белді басылымдарының бірінің соңғы жариялаған статистикасында Қазақстан ажырасудан 11-ші орында тұр. Мұндағы дерек бойынша, Қазақстандағы ажырасу деңгейі мың адамға шаққанда, 27%-ды құрайды. Бірінші орында 53%-бен АҚШ еліндегі Лама аралы тұр. Көршіміз Ресей 47%-бен екінші орынды иеленсе, 41%-бен Беларусь мемлекеті үшінші орында тұр,
2015 жылы елімізде ажырасқандар саны 3,14%-ға көбейген. Қарағанды қаласында бір жылдың ішінде 5285 отбасының шаңырағы шайқалса, Шығыс Қазақстанда бұл көрсеткіш 5111 отбасыны құрайды. Ақтөбе қаласында 2398 жұп, Қызылорда қаласында 1725 отбасы ажырасқан. 2012-2014 жж ажырасқан ерлердің жасы – 27-31, әйелдердікі 24-28 жасты құрайды. Ал 2015-2016 жылдары ерлер 28-32, әйелдер 26-30 жасында ажырасып кеткен. Мамандардың айтуынша, екі жастың ажырасуының бірден-бір себебі – олардың асығыс отбасын құруында. Яғни бірін-бірі жіті танып білмеуінде. “Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығадының” кейпі.
“Ер азаматтың бір мінездерін көтере алмай жатады. Бірге тұрып жатқан кезде жанұяның қиыншылықтарына төзе алмай ажырасады. Бір-бірінің еркеліктерін де көп көтермейді. Мұнымен қатар, қаржының жетіспеушілігі салдарынан ажырасып кететіндер бар”, – дейді психолог Әсел Жұмабышева. Алайда бағдарлама кейіпкерінің жағдайы тым бөлек. Оның күйеуімен ажырасуына абысына себепші болған екен.
“Абысыным мен тұрмысқа шықпай жатып жігітім екеуіміздің арамызға от сала бастады. Әлі күнге дейін маған тыныштық бермей келеді. Күйеуім бастапқыда менен келіп кешірім сұрап, қайта қосылуға тілек білдірді. Бірақ мен ол кезде қатты ашуланып жүрген едім. Күйзелісте болып, ақыры келіспедім. Абысыным бізді көре алмайтын. Астанада тұрып жатқан жерімізден ата-енеміздің қасына көшіп бардық. Енем екеуіміздің қарым-қатынасымыз жақсы болды. Бірақ абысыным тағы да арамызға от салып үлгерді. Кейін туысқандардан абысынымның психологиялық ауытқуы бар екенін естідім. Жұрттың сөзіне сенбедім. Бетпе-бет сөйлескен кезде, жақсы сөйлейді. “Шолпан, былай істейік” деп күліп жүреді. Бірақ сыртымнан түрлі өсек айтады. Бұл туралы ата-енеме де, жолдасыма да талай айттым. Олар “Мән берме” деп қана жұбатады. Бұл жағдайда маған ешкім көмектесе алмады”, – дейді Шолпан ханым.
Студия қонақтары мен психолог келіншектің мінез-құлқын түсінбегендігін айтып жатыр. “Сізді мүлдем түсіне алмай отырмын. Ене мен абысынның күнделікті беріп отыратын уы кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Психологиялық тұрғыдан соны көтере алмаған болуыңыз мүмкін. Бірақ сіз бірінші кезекте қызыңызды ойлауыңыз керек еді. Ал өсек әрдайым айтылады”, – дейді Венера Тельжан.
Жіберіп алмаңыз:
Құда баласы алып қашқан қызын қайтарған жігіттің әрекеті жұртты сүйсіндірді
Даяшы қыздар қазақ тойында биді “жарды” (видео)
Даяшы небәрі 37 цент тапсырыс үшін 500 доллар шәй-пұл алған
Таңғажайып танымалдылыққа ие болған Димаш туралы деректі фильм түсіріледі