Ұлытаудағы апат: Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай көлемде жәрдемақы беріледі
Ұлытаудағы Ұлытау облысындағы "Жомарт" шахтасында, "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі шахтадағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларына асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақылар мен төлемдер тағайындалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.соm
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" МК кенішіндегі ТЖ салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларына бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы және әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады.
"Қаза болған әрбір кеншінің асырауында балалары болғанын ескере отырып, олардың отбасыларына асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Жәрдемақы мөлшері қайтыс болған асыраушысының асырауындағы адамдардың санына және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты. Жәрдемақының бұл түрі 8 жасқа дейінгі баласы бар жұмыссыз үш анаға да тағайындалады”, – делінген ақпаратта.
Ұлытау облысында қаза тапқан кеншілердің фотосы пайда болды
Қаза тапқан кеншілердің барлығы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болғандықтан, олардың отбасына мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер тағайындалады.
Осылайша, асырауындағы бір адам үшін бюджеттен төленетін жәрдемақы мөлшері 42 530 теңгені, ал МӘСҚ-дан төленетін төлемдер – 141 523 теңгені, асырауында бес адам болса, жәрдемақы мөлшері 127 127 теңгені және МӘСҚ-дан төленетін төлемдер – 335 017 теңгені құрайды.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлемдер балалары 18 жасқа толғанға дейін, ал олар жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқыған жағдайда – 23 жасқа дейін төленеді. Сондай-ақ қаза тапқан кеншілер отбасыларының барлығы "БЖЗҚ" АҚ-дан 369 608 теңге (94 АЕК) мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем алуға құқылы”, – делінген хабарламада.
Жұмыс беруші компания қаза тапқандардың отбасыларына ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмекті көрсетеді. Жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін 550 АЕК мөлшерінде (2 162 600 тг) төлем жасалады. Қаза болған адамның отбасына жылдық орташа жалақының 10 еселенген мөлшерінде өтемақы төленеді, бұл орташа есеппен 84 млн-нан 124 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды. Сонымен қатар, асыраушысынан айырылу бойынша ай сайынғы төлемдер жүргізіліп, балалардың оқу ақысы төленеді. Бұған қоса, қаза тапқан жұмысшылардың несиелері мен қарыздары толықтай өтеледі.
Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-ның Жомарт кеніндегі үйінді астынан жеті қызметкердің де денесі табылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты.