Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көз жұмған қазақстандық бірден бес мұқтаж адамға донор болды

Қайтыс болған екі қазақстандық алты науқастың өмірін құтқарып қалдыФото: Gov.kz

Қайтыс болған екі адам алты науқастың өмірін құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайтыс болғаннан кейінгі екі донордың туыстарының келісімі мен медициналық команданың үйлесімді жұмысының арқасында күту парағындағы алты пациент өмір сүруге мүмкіндік алды. 

Ми өлімі анықталған 50 жастағы әйелдің ағзалары 5 науқасқа берілді. 

Әйелдің жүрегі жүрек жеткіліксіздігі бар 34 жастағы пациентке салынды. Отбасынан келісімінен кейін жүрек трансплантациясы Алматы қалалық кардиологиялық орталығында жасалды. Оң бүйрегі 15 жастағы пациентке, сол жақ бүйрек А.Н.Сызғановта 30 жастағы әйелге, Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында екі науқасқа екі көздің мөлдірқабығы трансплантатталды.

Сондай-ақ Астананың көпбейінді медициналық орталығында қайтыс болғаннан кейін 1977 жылы туған донордың ағзалары алынды. 

Бауыр 1976 жылы туған пациентке, оң және сол бүйрек 1987 және 1994 жылы туған пациенттерге трансплантатталды. Ағзаларды трансплантаттау бойынша операцияларды Ұлттық ғылыми онкология орталығының мамандары орындады. 

Министрлік донорлардың отбасыларына өздерінің игі істері үшін зор ризашылықтарын білдіреді және мұндай жағдайлардың әрқайсысы трансплантаттауды жылдар бойы күткен адамдар үшін өмір сүру мүмкіндігі екенін атап көрсетеді.

Еске салсақ, осыған дейін 63 жастағы қазақстандық донор болып, алты адамның өмірін сақтап қалғанын жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 25 Қараша, 2025 22:52