"Қайтыс болған адамның ақшасы қайда кетеді": Денсаулық сақтау министрі медсақтандыру туралы сұраққа жауап берді
Фото: Pixabay.com
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровадан адам қайтыс болған немесе қоныс аударған жағдайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленген ақшаны кім алады деген сұрақ қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет отырысында Әлназароваға жарна мұрагерлікке жатпайтынын, ал зейнетақыны мұрагер ретінде алып қалуға болатынын айтып, жарна қайда кететінін сұрады.
Министр зейнетақы мен сақтандыру жинақтарының сипаты әртүрлі екенін айтты.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жинақтаушы жүйе және оны кеңінен қолдануға болады. Ал сақтандыру жарналары сақтандыру жүйесіне жатады, сондықтан кез келген сақтандыруға ұқсас сіз өзіңізді сақтандырасыз, бірақ оларды талап етпейсіз. Тек сақтандыру жағдайы орын алған жағдайда ғана талап етесіз”, – деді Әлназарова.
Депутаттар қазақстандықтардың МӘМС жарналарының бір бөлігін өздері басқаруына рұқсат беруді ұсынды
Айтуынша, медициналық сақтандыру қорында жиналған барлық қаражат емдеуге, алдын алуға, яғни барлық 20 миллион қазақстандық үшін медициналық қызметке бағытталған.
"Дені сау адам ауруына төлейді, кедейге бай төлейді деген қағидат бойынша қор алғашында ортақ жауапкершілікті ұстанды. Бүгінде ол оны біртіндеп жүзеге асырып жатыр", – деп қосты министр.
Еске салсақ, бұған дейін депутат МӘМС-тегі 2 триллион теңге бақылаусыз жұмсалып жатқанын айтып, сынға алған еді.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
